16.06.2022 жылы «К.Ахметов атындағы ОРРММИК» медициналық бөлімінің ұйымдастыруымен «Есірткілер, нашақорлық және оның салдарлары» тақырыбында студенттер мен оқушылар арасында сұхбат жүргізілді. Әсіресе психотропты заттар мен шегетін қоспаларды қолданудың жағымсыз салдарлары туралы баса айтылды. Есірткілер мен нашақорлықтың не екені, нашақорға айналып кету жайында талқыланды. Есірткі заттарының негізгі қауіптері және асқынулардың спортшылардың жас ағзасына келтіретін зияндары туралы ақпарат берілді.
Есірткілер- ерте заманнан белгілі болған (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну). Бүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр. Есірткіні жиі қолданатын адамдарда уақыт өте тәуелділік пайда болады. Әдетте бұл тәуелділік екіге бөлінеді:
- Жүйкелік
- Физикалық
Есірткіні алғаш қолдану кезінде нашақорда тек жүйкелік тәуелділік пайда болады. Кейіннен ол физикалыққа ауысады. Физикалық тәуелділік қолданылатын өнімге және қолдану мерзіміне байланысты түрлі болады.
Психикалық тәуелділік есірткіні қолданылмау уақыты ұзақталған жағдайда көңіл – күйдін төмендеуімен және есірткіні қолданған кезде рахаттану сезімі пайда болуымен көрініс береді. Уақыт өте есірткі жүйке жүйесінің толыққанды жұмыс істеуі үшін міндетті түрде қажет болатын өнім болып қалыптасады.
Нашақорлық- есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.
Есірткілер — БДСҰ-ның анықтауы бойынша, ауру сезгіштікті жоятын химиялық есірткі. Термин әдетте есiрткi анальгетиктер деп аталған апиыны бар заттарға немесе опиоидтарға жатады.
Дайындап, ұйымдастырғандар:
Мектеп дәрігері : Хайдакбаева Анар Нургайповна
Спорт дәрігері :Таипова Лаура Евгеньевна