Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысының негізінде және 2007 жылдың 27 шілдесіндегі ҚР «Білім туралы» Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес, техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Колледж) оқуға қабылдаудың осы типтік ережесі бойынша жалпы орта (11 сынып) негізінде күндізгі бөлімге оқыту формасы бойынша білімгерлер қабылдайды. «К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-не түсетін талапкерлер ішінде Әлем, Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері және Қазақстан Республикасының чемпиондары, Еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорт шебері, спорт шеберлігіне үміткер және спорт түрлері бойынша Ұлттық құрама командаға, жастар құрама командасына енген спортшылар басым құқыққа ие болып табылады.
Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу:
«К. Ахметов атындағы ОРРММИК» 2020-2021 оқу жылына төмендегі мамандық бойынша студенттер қабылдайды
МАМАНДЫҒЫ – 0103000 – «Дене тәрбиесі және спорт»;
БІЛІКТІЛІГІ: 0103033 – «Спорт жаттықтырушысы – оқытушы»;
Оқыту формасы: – күндізгі, қазақ, орыс тілдерінде оқыту.
Нормативті оқыту формасы: 2 жыл 10 ай
Оқыту базасы: жалпы орта білім
Құжаттар 2020 жылдың 20 маусым — 20 тамыз аралығында қабылданады.
Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі: 09.00-16.00, түскі үзіліс 13.00-14.00 аралығында.
Талапкерлер келесі құжаттарды беруі қажет:
1. К. Ахметов атындағы ОРРММИК директорының атына өтініш (еркін формада);
2. Оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды көшірмесі);
3. Жалпы орта білім беру оқу орнын бітіргендігі жөніндегі құжат (аттестат);
4.Бірыңғай ұлттық тестілеудің (ҰБТ) нысанасының қорытындысы бойынша алған сертификаты (30 балладан төмен және екі бағасы болмауы керек);
5. ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР спорт шебері, спорт шеберлігіне үміткер куәлігі немесе уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның мөрімен расталған спорттық разряд беру туралы бұйрықтың көшірмесі;
6. Халықаралық немесе республикалық спорттық жарыстарда жүлделі орындар алған дипломдардың, грамоталардың, жарыс хаттамаларының көшірмелері (бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесі бойынша(бар болған жағдайда));
7. Фотосурет (3х4) – 4 дана және электронды түрде;
8. Медициналық анықтама № 086 (ЭКГ лентасымен), флюорография суреті (дәрігердің берген анықтамасы қолы қойылып мөрі басылған);эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтама; жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің УДЗ медициналық қорытындысы; ЭЭГ медициналық қорытынды
9. Бала денсаулығы паспорты (форма №063-у,ф.№026);
10. Әскери билет немесе шақыру учаскесіне тіркелу куәлігі (ұлдар үшін);
Қабылдау емтихандары 2020 жылдың 21-26 тамыз аралығында келесі пәндер бойынша өткізіледі:
1.Қазақстан тарихы
2.Қазақ тілі, орыс тілі
3. Жалпы физикалық дайындық бойынша емтихан
4. Таңдалған спорт түрі бойынша арнайы және техникалық дайындық бойынша емтихан
Мекен-жайымыз: Алматы қ., Байзақов к-сі, 238 үй,
Анықтама телефондары: 8(727) 394-45-10, Сайт: http://rshik.ahmetova.kz
(2) Comments