2021 жылдың 01-ші ақпанында Алматы қ-сының Байзақов к-сі 238 мекенжайында орналасқан Қазақстан республикасы мәдениет және спорт министірлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Кәркен Ахметов атындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Марат Болысбекұлы Қамзолдаев пен мектеп қызметкерлері, директор Караков С.Б, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Әділханова Ж.Б, және бас бухгалтер Акимов А, заңгер Алимжанов А, Бекбатыр З. және т. б. қатысуымен кездесу өтті.
Кездесуде Марат Болысбекұлы жобаның 2021 жылға арналған жұмысының негізгі бағыттары туралы айтып, «Адалдық алаңы»жобасының жұмысы аясында үлестірмелі материалдармен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қазақстандық заңнамадағы өзгерістер, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік пен жаза туралы айтып берді. Қойылған сұрақтарға жауап берді.

