Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жаңа оқу жылы науқаны жақсы жаңалықтармен басталды. Спортшыларымызға тыңғылықты жаттығулармен айналысуы үшін спорттық киімдер табысталды. Алғаш болып спорттық киімдермен еркін күрес бөлімінің жас балуандары қамтамасыз етілді. Жоспар бойынша барлық спорт бөлімдері жаңа спорт киімдерімен жаңартылатын болады. Мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің тікелей қолдауымен спорт мектеп-интернат-колледжіміздің оқу-материалдық базасы жақсарып келеді. Спортшыларымыз жеткілікті деңгейде спортқа қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп келе жатыр. Сөз соңында спортшыларымызға тек жеңіс тілеп, көк туымызды әлемдік ареналарда желбірете берсін.